«ГРАНТ КЕПІЛДІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША
АРНАЙЫ ШАРТТАР
«Newton Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 210240031357, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 16-ғимарат, N.P.8 птер/кеңсе, Жарғы негізінде әрекет ететін Бас директор Қаждар Жңгір Даниярұлының атынан, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын,
осы № 3 Қосымшамен жоғары оқу орындарына түсуге дайындықтан өтетін оқушыларға арналған «Грант кепілдігі» бағдарламасына қатысу шарттарын, сондай-ақ грант кепілдігін беру жне оның қолданылуын тоқтату шарттарын айқындайды. Осы Қосымша Орындаушының Жария оферта шартының ажырамас бөлігі болып табылады, «Грант кепілдігі» бағдарламасына қатысу талаптарын, грант кепілдігін ұсыну тртібін жне оның қолданылуын тоқтату негіздерін реттейді.
Осы Қосымшаның ережелері аталған бағдарламаға қатысатын Тапсырыс берушілер мен Тыңдаушыларға ғана қолданылады. 1. Тапсырыс беруші / Тыңдаушы міндеттенеді:1.1. Орындаушының ішкі тәртіп қағидаларын және осы Жария офертаның шарттарын сақтауға;
1.2. Ата-аналар жиналыстарына қатысуға және қажет болған жағдайда оқу процесін талқылау үшін әкімшіліктің шақыруы бойынша орталыққа келуге;
1.3. Курс бағдарламасында көзделген сабақтардың
кемінде 90%-ына Тыңдаушының қатысуын қамтамасыз етуге;
1.4. Орындаушыдан Тыңдаушының үлгерімі, мінез-құлқы және оқу шарттары туралы ақпарат алуға;
1.5. Орындаушының жаттықтырушысы беретін тапсырмаларды орындауда Тыңдаушыға жәрдем көрсетуге;
1.6. Тыңдаушыға Орындаушының мінез-құлық қағидаларын, ішкі тәртібін және оқу тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіндіруге;
1.7. Орындаушының мінез-құлқы мен ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға, басқа Тыңдаушыларды алаңдатпауға және сабақ өткізуге кедергі келтірмеуге;
1.8. Сабақ өткізу уақытынан тыс кезеңде, оның ішінде сабақтар арасындағы үзілістерде Орындаушының аумағында болған кезде Тыңдаушы үшін және оның қауіпсіздігі үшін жауапты болуға;
1.9. Орындаушының қызметтеріне ақы төлеуді уақтылы жүзеге асыруға.
2. Түсу кепілдігінің шарттары:2.1. Грант кепілдігімен курсты сатып алған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасының аумағындағы жоғары оқу орнына
білім беру гранты негізінде оқуға түсу кепілдігін береді.
2.2. Осы Шарт шеңберінде
«грант кепілдігі» деп Тыңдаушының жоғары оқу орнына білім беру гранты негізінде оқуға түсуі түсініледі, ал оқуға түспеген жағдайда Тапсырыс берушіге осы Қосымшаның 3-бөлімінде көзделген тәртіппен және шарттарда
ақшалай қаражаттың қайтарылуына кепілдік беріледі.
2.3. Тапсырыс беруші мен Тыңдаушы осы Қосымшаның 2.5-тармағында көзделген Орындаушының ұсынымдарын сақтаған жағдайда, сондай-ақ Тыңдаушы білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін белгіленген барлық шарттарды орындаған жағдайда, Орындаушы осы Қосымшада көзделген шарттармен грант кепілдігін береді. Орындаушы білім беру бағдарламаларын, білім беру бағдарламалары топтарын (ББТ), жоғары оқу орындарын таңдау мәселелері бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындауға жәрдем көрсетеді.
2.4. Орындаушы Тапсырыс берушіге құжаттарды тапсыру үшін ұсынылатын
екі білім беру бағдарламалары тобы (ББТ) және жоғары оқу орындары туралы ұсынымдарды қамтитын Хабарлама жолдайды.
2.5.
Грант кепілдігі Тапсырыс беруші мен Тыңдаушы келесі шарттарды бір мезгілде орындаған жағдайда ғана беріледі:2.5.1. курс бағдарламасында көзделген сабақтардың
кемінде 90%-ына қатысуы. Орындаушы өткізбеген сабақтар, сондай-ақ ресми мереке және демалыс күндері қатысу есебіне енгізілмейді;
2.5.2. Орындаушы ұсынатын
барлық үй тапсырмаларын, тестілеулерді, сынақ емтихандарын және өзге де тапсырмаларды орындауы;
2.5.3. ҰБТ нәтижесі бойынша
кемінде 60 балл жинауы;
2.5.4. Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру гранты конкурсына қатысу қағидаларының талаптарына сәйкес ҰБТ-ның әрбір міндетті және бейіндік пәні бойынша ең төменгі шекті балдарды еңсеруі;
2.5.5. білім беру гранты конкурсына қатысуға жіберілуі;
2.5.6. оқу жоспарын, сабақ кестесін және Орындаушының ұсынымдарын сақтауы, соның ішінде осы Қосымшаның 2.11-тармағында көзделген флиппинг рәсімінен өтуі;
2.5.7. оқуға түсу процесін сүйемелдеу үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты уақтылы ұсынуы;
2.5.8. ішкі тәртіп қағидаларын және оқу тәртібін сақтауы;
2.5.9. осы Қосымшаның 1-бөлімінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауы.
2.6. Тапсырыс беруші осы Қосымшаның 2.5-тармағында көрсетілген шарттардың
кемінде біреуін бұзған жағдайда, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сабақтарды жіберіп алу, үй тапсырмаларын орындамау, Орындаушының ұсынымдарын сақтамау немесе қатысқан академиялық сағаттардың жеткіліксіз болуы жағдайларында
грант кепілдігінің күші автоматты түрде тоқтатылады.
2.7. Грант кепілдігінің күші тоқтатылған жағдайда Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы жария оферта бойынша төленген
ақшалай қаражатты қайтаруды талап ету құқығынан айырылады.
2.8. Тыңдаушы осы Қосымшаның 2.5-тармағында көрсетілген шарттарды орындамаған жағдайда Орындаушы Тыңдаушыға жоғары оқу орнына түсу процесі аяқталғанға дейін консультациялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуді көрсетуді жалғастырады. Бұл ретте грант кепілдігінің күші тоқтатылады, ал Тапсырыс беруші осы Қосымшаның 3.3-тармағында көрсетілген негіздер бойынша ақшалай қаражаттың қайтарылуын талап ету құқығынан айырылады.
2.9.
Егер грантқа қол жеткізілмеуі Орындаушының еркіне және әрекеттеріне байланысты емес мән-жайлардан туындаған болса, Орындаушы грант кепілдігінің нәтижесіне қол жеткізілмегені үшін жауапты болмайды, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей:
— Қазақстан Республикасы заңнамасының, қабылдау қағидаларының, оқуға түсу талаптарының, конкурстық іріктеу тәртібінің, білім беру гранттарын бөлу қағидаларының өзгеруі;
— емтихандардың, тестілеулердің, конкурстардың немесе оқуға түсуге байланысты өзге рәсімдердің күшін жоюы, кейінге қалдырылуы немесе форматының өзгеруі;
— құжаттарды тапсыру, тіркелу, тестілеуден өту немесе конкурсқа қатысу жүзеге асырылатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, сайттардың немесе платформалардың техникалық ақаулары;
— Тапсырыс берушінің құжаттарды уақтылы тапсырмауы, анық емес, толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынуы;
— Тапсырыс берушінің емтихандарға, тестілеулерге, конкурсқа қатысудан, құжаттарды тапсырудан немесе оқуға түсу үшін қажетті өзге әрекеттерді жасаудан бас тартуы;
— Тапсырыс берушінің ауруы, отбасылық жағдайлары, көшуі, байланыс болмауы немесе Орындаушының әрекеттеріне байланысты емес себептер бойынша сабақтарға қатыса алмауы не тапсырмаларды орындай алмауы;
— еңсерілмейтін күш әрекетінің немесе Орындаушы жауап бермейтін өзге де мән-жайлар.
2.10. Осы Шарттың 2.6-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде грант кепілдігі қолданылмайды, ал Орындаушы грант кепілдігі шеңберінде ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі міндеттен босатылады.
2.11. Білім беру траекториясын өзгерту қажет болған жағдайда Орындаушы Тыңдаушыға
флиппинг рәсімінен өтуді ұсынуға құқылы (флиппинг – ҰБТ-ның бейіндік пәндерін, дайындық бағытын, оқу тобын өзгерту, сондай-ақ оқу жоспарын, оқу форматын және/немесе қарқындылығын түзету). Флиппингтің шарттары мен тәртібі Тапсырыс беруші қол қоятын жеке қосымша келісіммен ресімделеді.
2.12.
Тапсырыс берушінің және/немесе Тыңдаушының Орындаушы ұсынған флиппингтен бас тартуы осы Шартта көзделген грант кепілдігінің қолданылуын тоқтату үшін негіз болып саналады.2.13. Флиппинг шеңберіндегі өзгерістер Тараптар тиісті қосымша келісімге қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
2.14. Тыңдаушының белгіленген қатысу деңгейін сақтауы және нақты қатысқан сабақтарының саны грант кепілдігін ұсыну кезінде елеулі мәнге ие болып табылады. Қатысу есебін Орындаушы
электрондық журналда жүргізеді, оған қол жеткізу Тыңдаушыға және оқытушыға (кураторға) беріледі, электрондық журналдағы мәліметтер Тараптар тарапынан сабақтарға қатысу фактісінің шынайы дәлелі ретінде танылады.
2.15.
Орындаушы нақты бір жоғары оқу орнына, нақты бір білім беру бағдарламасына түсуге немесе емтихандар мен конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша белгілі бір балл жинауға кепілдік бермейді.2.16. Осы Қосымша және онда көзделген грант кепілдігі
2026 жылы дайындық бағдарламасына қабылданған Тыңдаушыларға қатысты қолданылады және
2027 жылғы қабылдау науқаны мен білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелеріне таралады.
2.17. Осы Қосымшада көрсетілген білім беру грантына конкурсқа қатысу шарттары, шекті балдар, талаптар және конкурсты өткізу тәртібі тиісті жылғы ҰБТ мен білім беру грантын тағайындау конкурсы өткізілетін сәтте қолданыстағы редакцияда қолданылады. Осы Қосымшаға қол қойылғаннан кейін ҰБТ өткізу және/немесе білім беру гранттарын бөлу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері өзгерген жағдайда, грант кепілдігі және оны беру шарттары аталған рәсімдер өткізілетін сәтте қолданыстағы жаңа ережелер ескеріле отырып, қосымша келісім жасау қажеттігінсіз қолданылады. Аталған ережелердің өзгеруі өздігінен грант кепілдігінің қолданысын тоқтатуға негіз болып табылмайды, осы Қосымшаның 2.9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
3. Ақша қаражатын қайтару шарттары мен тәртібі:3.1. Тапсырыс беруші ақылы қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
3.2. Тапсырыс беруші Орындаушыға
ақшалай қаражатты қайтару туралы жазбаша өтінішті, сондай-ақ Тыңдаушының білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқанын растайтын құжаттарды, оның ішінде
eGov платформасынан алынған «Конкурсқа қатысу туралы» анықтаманы беруге міндетті.
3.3. Тыңдаушы мен Тапсырыс беруші осы Шартта және оған қосымшаларда көзделген барлық шарттарды, оның ішінде қатысуға, үй тапсырмаларын орындауға, Орындаушының ұсынымдарын сақтауға және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға қатысты талаптарды толық орындағанымен, Тыңдаушы білім беру грантына ие болмаған жағдайда, Орындаушы оқу құны үшін
нақты төленген соманың 70% (жетпіс пайызын) Тапсырыс берушіге қайтаруға міндеттенеді.
3.4. Тапсырыс беруші қызметтерден бас тартқан жағдайда Орындаушы:
–
оқыту басталғанға дейін бас тартылған жағдайда курс құнының жалпы сомасының
15%-ын ұстап қалуға құқылы. Аталған сома оқу тобын қалыптастыруға, орын брондауға және қызметтерді көрсетуге дайындыққа байланысты ұйымдастырушылық және әкімшілік шығындардың өтемақысы ретінде ұсталады;
–
оқу басталғаннан кейін бас тарту туралы мәлімделсе, курс құнының жалпы сомасының
30%-ын, сондай-ақ нақты көрсетілген қызметтердің құнын ұстап қалуға құқылы. Нақты көрсетілген қызметтердің құны оқыту басталған күннен бастап Шарт бұзылған күнге дейінгі өткен күнтізбелік күндер санына пропорционалды түрде айқындалады.
3.5. Қайтаруға осы тармақта көзделген ұсталымдар мен нақты көрсетілген қызметтердің құны шегерілгеннен кейінгі сома жатады.
3.6. Тапсырыс берушінің кінәсінен қызметті көрсету мүмкін болмай қалған жағдайда,
қызметтер толық көлемде төленуге жатады. Көрсетілген қағида Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының (ҚР АК-нің 685-бабының 2-тармағы) ережелерінде негізделген.
3.7. Тапсырыс беруші Орындаушының міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы жағдайында
ақшалай қаражаттың толық көлемде қайтарылуын талап етуге құқылы.
3.8. Тыңдаушының адал емес немесе өзге де тиісті емес мінез-құлқы болған жағдайда (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сабақтарды жүйелі түрде жіберіп алу, тапсырмаларды жүйелі түрде орындамау, оқытушының ұсынымдарын елемеу, мұғалімдерге немесе Компания қызметкерлеріне құрметсіздік көрсету)
ақшалай қаражат қайтарылмайды.
3.9. Қайтару туралы талапты Орындаушы
күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қарайды.
3.10. Ақшалай қаражат оқу ақысын төлеу жүргізілген Тапсырыс берушінің банктік шотына немесе Тараптар келіскен өзге тәсілмен қайтарылады. Қайтару мерзімі қайтару туралы шешім қабылданған күннен бастап
күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
ОРЫНДАУШЫ:«Newton Kazakhstan» ЖШС
Заңды мекенжайы: Қазақстан, Астана,
Тұран даңғ., 16-үй, пәтер/кеңсе Н.П.8
Сайт: https://newtonacademy.kz
БСН (ЖСН): 210240031357
ЖСК: KZ07722S000029385672 ТЕҢГЕ
(есеп айырысу шоты);
БСК: CASPKZKA
Банк: «Kaspi Bank» АҚ
КБе: 17
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:Т.А.Ә.: ________________________________
______________________
Телефон: _______________________________
Заңды өкілдің мәртебесі: ___________
Білім алушы:
Т.А.Ә.: ________________________________
Туған күні: _________________________
___________________ /қолы/