«ГРАНТ КЕПІЛДІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША
АРНАЙЫ ШАРТТАР
«Сана Онлайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 200140011713, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Марков көшесі, 22/37 үй, 8-қабат, Жарғы негізінде әрекет ететін Абзал Арын Арманұлы тұлғасында, бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын,
осы № 3 Қосымшамен жоғары оқу орындарына түсуге дайындықтан өтетін оқушыларға арналған «Грант кепілдігі» бағдарламасына қатысу шарттарын, сондай-ақ грант кепілдігін беру жне оның қолданылуын тоқтату шарттарын айқындайды. Осы Қосымша Орындаушының Жария оферта шартының ажырамас бөлігі болып табылады, «Грант кепілдігі» бағдарламасына қатысу талаптарын, грант кепілдігін ұсыну тртібін жне оның қолданылуын тоқтату негіздерін реттейді.
Осы Қосымшаның ережелері аталған бағдарламаға қатысатын Тапсырыс берушілер мен Тыңдаушыларға ғана қолданылады. 1. Бағдарлама туралы жалпы мәліметтер:
Оқу кезеңі | Оқу форматы | Сабақтар саны | Ұзақтығы | Құны |
|
|
|
|
|
2. Тапсырыс беруші / тыңдаушы міндеттенеді:
2.1. Орындаушының ішкі тртіп қағидаларын жəне осы Жария офертаның шарттарын сақтауға;
2.2. Ата-аналар жиналыстарына қатысуға жне қажет болған жағдайда оқу процесін талқылау үшін əкімшіліктің шақыруы бойынша орталыққа келуге;
2.3. Курс бағдарламасында көзделген сабақтардың кемінде 90% Тыңдаушының қатысуын қамтамасыз етуге;
2.4. Орындаушыдан Тыңдаушының үлгерімі, мінез-құлқы жəне оқу шарттары туралы ақпарат алуға;
2.5. Орындаушының жаттықтырушысы беретін тапсырмаларды орындауда Тыңдаушыға жəрдем көрсетуге;
2.6. Тыңдаушыға Орындаушының мінез-құлық қағидаларын, ішкі тəртібін жəне оқу тəртібін сақтаудың қажеттілігін түсіндіруге;
2.7. Орындаушының мінез-құлқы мен ішкі тəртіп қағидаларын сақтау, басқа Тыңдаушыларды алаңдатпау жəне сабақ өткізуге кедергі келтірмеуге;
2.8. Сабақ өткізу уақытынан тыс кезеңде, оның ішінде сабақтар арасындағы үзілістерде Орындаушының аумағында болған кезде Тыңдаушы үшін жəне оның қауіпсіздігі үшін жауапты болуға;
2.9. Орындаушының қызметтеріне ақы төлеуді уақтылы жүзеге асыруға.
3. Түсу кепілдігінің шарттары:3.1. Грант кепілдігімен курсты сатып алған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасының аумағындағы жоғары оқу орнына білім беру гранты негізінде оқуға түсу кепілдігін береді.
3.2. Осы Шарт шеңберінде «грант кепілдігі» деп Тыңдаушының жоғары оқу орнына білім беру гранты негізінде оқуға түсуі түсініледі, ал оқуға түспеген жағдайда Тапсырыс берушіге осы Қосымшаның 4-бөлімінде көзделген тəртіппен жəне шарттарда ақшалай қаражаттың қайтарылуына кепілдік беріледі.
3.3. Тапсырыс беруші мен Тыңдаушы осы Қосымшаның 3.5-тармағында көзделген Орындаушының ұсынымдарын сақтаған жағдайда, сондай-ақ Тыңдаушы білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін белгіленген барлық шарттарды орындаған жағдайда, Орындаушы осы Қосымшада көзделген шарттармен грант кепілдігін береді. Орындаушы білім беру бағдарламаларын, білім беру бағдарламалары топтарын (ББТ), жоғары оқу орындарын таңдау мəселелері бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындауға жəрдем көрсетеді.
3.4. Орындаушы Тапсырыс берушіге құжаттарды тапсыру үшін ұсынылатын екі білім беру бағдарламалары тобы (ББТ) жəне жоғары оқу орындары туралы ұсынымдарды қамтитын Хабарлама жолдайды. NEWTON KAZAKHSTAN NEWTON KAZAKHSTAN
3.5. Грант кепілдігі Тапсырыс беруші мен Тыңдаушы келесі шарттарды бір мезгілде орындаған жағдайда ғана беріледі: 3.5.1. курс бағдарламасында көзделген сабақтардың кемінде 90%-ына қатысуы. Орындаушы өткізбеген сабақтар, сондай-ақ ресми мереке жəне демалыс күндері қатысу есебіне енгізілмейді;
3.5.2. Орындаушы ұсынатын барлық үй тапсырмаларын, тестілеулерді, сынақ емтихандарын жəне өзге де тапсырмаларды орындауы;
3.5.3. ҰБТ нəтижесі бойынша кемінде 60 балл жинауы;
3.5.4. Қазақстан Республикасы заңнамасының жəне білім беру гранты конкурсына қатысу қағидаларының талаптарына сəйкес ҰБТ-ның əрбір міндетті жəне бейіндік пəні бойынша ең төменгі шекті балдарды еңсеруі;
3.5.5. білім беру гранты конкурсына қатысуға жіберілуі;
3.5.6. оқу жоспарын, сабақ кестесін жəне Орындаушының ұсынымдарын сақтауы, соның ішінде осы Қосымшаның 3.11-тармағында көзделген флиппинг рəсімінен өтуі;
3.5.7. оқуға түсу процесін сүйемелдеу үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты уақтылы ұсынуы;
3.5.8. ішкі тəртіп қағидаларын жəне оқу тəртібін сақтауы;
3.5.9. осы Қосымшаның 2-бөлімінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауы
3.6.
Тапсырыс беруші осы Қосымшаның 3.5-тармағында көрсетілген шарттардың кемінде біреуін бұзған жағдайда, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сабақтарды жіберіп алу, үй тапсырмаларын орындамау, Орындаушының ұсынымдарын сақтамау немесе қатысқан академиялық сағаттардың жеткіліксіз болуы жағдайларында грант кепілдігінің күші автоматты түрде тоқтатылады.
3.7. Грант кепілдігінің күші тоқтатылған жағдайда Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы жария оферта бойынша төленген ақшалай қаражатты қайтаруды талап ету құқығынан айырылады.
3.8. Тыңдаушы осы Қосымшаның 3.5-тармағында көрсетілген шарттарды орындамаған жағдайда Орындаушы Тыңдаушыға жоғары оқу орнына түсу процесі аяқталғанға дейін консультациялық, ақпараттық жəне ұйымдастырушылық сүйемелдеуді көрсетуді жалғастырады. Бұл ретте грант кепілдігінің күші тоқтатылады, ал Тапсырыс беруші осы Қосымшаның 4.3-тармағында көрсетілген негіздер бойынша ақшалай қаражаттың қайтарылуын талап ету құқығынан айырылады.
3.9.
Егер грантқа қол жеткізілмеуі Орындаушының еркіне жəне əрекеттеріне байланысты емес мəн-жайлардан туындаған болса, Орындаушы грант кепілдігінің нəтижесіне қол жеткізілмегені үшін жауапты болмайды, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей: — Қазақстан Республикасы заңнамасының, қабылдау қағидаларының, оқуға түсу талаптарының, конкурстық іріктеу тəртібінің, білім беру гранттарын бөлу қағидаларының өзгеруі;
— емтихандардың, тестілеулердің, конкурстардың немесе оқуға түсуге байланысты өзге рəсімдердің күшін жоюы, кейінге қалдырылуы немесе форматының өзгеруі;
— құжаттарды тапсыру, тіркелу, тестілеуден өту немесе конкурсқа қатысу жүзеге асырылатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, сайттардың немесе платформалардың техникалық ақаулары;
— Тапсырыс берушінің құжаттарды уақтылы тапсырмауы, анық емес, толық емес немесе дұрыс емес мəліметтер ұсынуы;
— Тапсырыс берушінің емтихандарға, тестілеулерге, конкурсқа қатысудан, құжаттарды тапсырудан немесе оқуға түсу үшін қажетті өзге əрекеттерді жасаудан бас тартуы;
— Тапсырыс берушінің ауруы, отбасылық жағдайлары, көшуі, байланыс болмауы немесе Орындаушының əрекеттеріне байланысты емес себептер бойынша сабақтарға қатыса алмауы не тапсырмаларды орындай алмауы;
— еңсерілмейтін күш əрекетінің немесе Орындаушы жауап бермейтін өзге де мəн-жайлар.
3.10. Осы Шарттың 3.6-тармағында көрсетілген мəн-жайлар туындаған кезде грант кепілдігі қолданылмайды, ал Орындаушы грант кепілдігі шеңберінде ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі міндеттен босатылады.
3.11. Білім беру траекториясын өзгерту қажет болған жағдайда Орындаушы тыңдаушыға флиппинг рəсімінен өтуді ұсынуға құқылы (флиппинг – ҰБТ-ның бейіндік пəндерін, дайындық бағытын, оқу тобын өзгерту, сондай-ақ оқу жоспарын, оқу форматын жəне/немесе қарқындылығын түзету).
Флиппингтің шарттары мен тəртібі Тапсырыс беруші қол қоятын жеке қосымша келісіммен ресімделеді. 3.12. Тапсырыс берушінің жəне/немесе тыңдаушының Орындаушы ұсынған флиппингтен бас тартуы осы Шартта көзделген грант кепілдігінің қолданылуын тоқтату үшін негіз болып саналады. 3.13. Флиппинг шеңберіндегі өзгерістер Тараптар тиісті қосымша келісімге қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
3.14. Тыңдаушының белгіленген қатысу деңгейін сақтауы жəне нақты қатысқан сабақтарының саны грант кепілдігін ұсыну кезінде елеулі мəнге ие болып табылады. Қатысу есебін Орындаушы электрондық журналда жүргізеді, оған қол жеткізу Тыңдаушыға жəне оқытушыға (кураторға) беріледі, электрондық журналдағы мəліметтер Тараптар тарапынан сабақтарға қатысу фактісінің шынайы дəлелі ретінде танылады.
3.15. Орындаушы нақты бір жоғары оқу орнына, нақты бір білім беру бағдарламасына түсуге немесе емтихандар мен конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша белгілі бір балл жинауға кепілдік бермейді.
4. Ақша қаражатын қайтару шарттары мен тəртібі: 4.1. Тапсырыс беруші ақылы қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
4.2. Тапсырыс беруші Орындаушыға ақшалай қаражатты қайтару туралы жазбаша өтінішті, сондайақ Тыңдаушының білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқанын растайтын құжаттарды, оның ішінде eGov платформасынан алынған «Конкурсқа қатысу туралы» анықтаманы беруге міндетті.
4.3. Тыңдаушы мен Тапсырыс беруші осы Шартта жəне оған қосымшаларда көзделген барлық шарттарды, оның ішінде қатысуға, үй тапсырмаларын орындауға, Орындаушының ұсынымдарын сақтауға жəне білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға қатысты талаптарды толық орындағанымен, Тыңдаушы білім беру грантына ие болмаған жағдайда,
Орындаушы оқу құны үшін нақты төленген соманың 70% (жетпіс пайызын) Тапсырыс берушіге қайтаруға міндеттенеді. 4.4. Тапсырыс беруші қызметтерден бас тартқан жағдайда Орындаушы: – оқыту басталғанға дейін бас тартылған жағдайда
курс құнының жалпы сомасының 15%-ын ұстап қалуға құқылы. Аталған сома оқу тобын қалыптастыруға, орын брондауға жəне қызметтерді көрсетуге дайындыққа байланысты ұйымдастырушылық жəне əкімшілік шығындардың өтемақысы ретінде ұсталады;
– оқу басталғаннан кейін бас тарту туралы мəлімделсе,
курс құнының жалпы сомасының 30%- ын, сондай-ақ нақты көрсетілген қызметтердің құнын ұстап қалуға құқылы. Нақты көрсетілген қызметтердің құны оқыту басталған күннен бастап Шарт бұзылған күнге дейінгі өткен күнтізбелік күндер санына пропорционалды түрде айқындалады.
4.5. Қайтаруға осы тармақта көзделген ұсталымдар мен нақты көрсетілген қызметтердің құны шегерілгеннен кейінгі сома жатады.
4.6.
Тапсырыс берушінің кінəсінен қызметті көрсету мүмкін болмай қалған жағдайда, қызметтер толық көлемде төленуге жатады. Көрсетілген қағида Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының (ҚР АК-нің 685-бабының 2-тармағы) ережелерінде негізделген.
4.7. Тапсырыс беруші Орындаушының міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы жағдайында ақшалай қаражаттың толық көлемде қайтарылуын талап етуге құқылы.
4.8. Тыңдаушының адал емес немесе өзге де тиісті емес мінез-құлқы болған жағдайда (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сабақтарды жүйелі түрде жіберіп алу, тапсырмаларды жүйелі түрде орындамау, оқытушының ұсынымдарын елемеу, мұғалімдерге немесе Компания қызметкерлеріне құрметсіздік көрсету) ақшалай қаражат қайтарылмайды.
4.9. Қайтару туралы талапты Орындаушы күнтізбелік
10 (он) күн ішінде қарайды.
4.10. Ақшалай қаражат оқу ақысын төлеу жүргізілген Тапсырыс берушінің банктік шотына немесе Тараптар келіскен өзге тəсілмен қайтарылады. Қайтару мерзімі қайтару туралы шешім қабылданған күннен бастап
күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
«Сана Онлайн» ЖШС
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 248б үй
Сайт мекен-жайы бойынша:
БСН: 200140011713
ЖСК: KZ66722S000007355619 теңге (есеп айырысу шоты) ;
БИК: CASPKZKA
«KASPI BANK» АҚ
Кбе 17